Конституциялық реформа және еңбек ету құқығы

dep.jpg

t.me/mazhilis_kz

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Конституциялық реформа еліміздегі жұмысқа орналасу мәселесіне деген көзқарасты түбегейлі өзгертетінін атап өтті.

– Жұмыс – тек табыс көзі ғана емес, – деді мәжілісмен әрі омбудсмен. – Бұл – ертеңгі күнге деген сенім және отбасыңды қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Жаңа Конституция жобасында әрбір адамның еңбек етуге және мамандықты еркін таңдауға құқығы нақты бекітілген. Ал мемлекет өз кезегінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, әділ еңбекақы төлеуге және кемсітушіліктен қорғауға міндетті. Сондай-ақ құжатта мәжбүрлі еңбекке жол берілмейтіні, тек заңда көрсетілген жағдайлардан басқа кезде қолданылмайтыны нақты көрсетілген.

– Еңбек ету құқығы әрбір адам үшін Конституциядағы норма ғана емес, нақты мүмкіндікке айналуы маңызды, – деп атап өтті К. Сейтжан. – Бүгінде мемлекеттік саясат дәл осы бағытта жұмыс істеуі тиіс.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy