Еңбек адамдарымен жаңа Конституция жобасын талқылады

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасының мәтіні бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуде. Партия мүшелері ел азаматтарына алдағы реформалардың мәні мен мазмұнын жан-жақты түсіндіруді жоспарлап отыр.

ҚХП Балқаш қалалық филиалының басшылығы құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Жібек жолы» сауда үйіне барып, жергілікті кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады.

1

– «Жібек жолы» сауда үйі біздің филиалымыздың бастауыш партия ұйымы болып табылады, – деп түсіндірді белсенділер. – Кездесуге қатысушылар Конституцияға өзгеріс енгізуді бірауыздан қолдады.

2

ҚХП Абай облыстық филиалы Семей қаласындағы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның эксплуатациялық вагон депосы мен «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК еңбек ұжымдарына жаңа конституциялық нормаларды түсіндірді.

3

– Мұндай тікелей кездесу қоғаммен ашық диалог орнатуға, құқықтық мәдениетті көтеруге және азаматтарды елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға тартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушылары.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy