Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалы «Ақсукент- Сайрам» бағытында скандинавиялық жаяу жүру марафонын өткізді.
Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған марафон 20 шақырымдға созылды. Шараға партия мүшелерімен қатар Геология өндірісі бойынша кәсіби жұмысшылар одағының және Семей ядролық полигоны Сайрам аудандық қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.
Марафон барысында тұрғындарға партияның қызметі туралы ақпарат беріліп, үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Жиын қорытындысында белсенді қатысушыларға ҚХП Түркістан облыстық филиалының алғыс хаты табысталды.