Әуесқой командалар арасында шағын футболдан турнир өтті

11 наурызда «Жарыс Арена» спорт кешенінде Алматыдағы ең мықты әуесқой командалары арасында шағын футболдан турнир өтті. Шараға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Жақтау» металлургтер кәсіподағының командалары да қатысты.

«Қазпрофметалл» Өнеркәсіптік тау-кен металлургиялық кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен өткен спорт додасы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған. Сондықтан да турнирге қатысушылардың жас ерекешелігіне шектеу болмады.

Айта кетейік, аладоп бәсекесін отандық футболдың ардагерлері Сейілдә Байшақов пен Юсуп Шодиев, сондай-ақ ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат А.Асылбеков пен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Асылбек Нұралин тамашалады.

Іс-шарада партия төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Халық партиясы ұдайы спортқа көңіл бөліп отырғанын, сондай ақ ол жиналған жұртшылықты 19 наурызда өтетін сайлауға қатысуға шықарды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy