Үкімет шешімін тапқанша ғылым зардап шегеді

Мәжіліске Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнова «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-ны (ҰБО) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтару мәселесін тағы да көтерді. Мәжілісмен министр Саясат Нұрбектен әрекет етуді сұрады.

Жақында ҰБО Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «QazBioPharm» холдингінің құрамына берілді. ҰБО ғалымдары дабыл қақты. Оларды қолдаған депутат Холдинг құру ғылымның барлық бағытын жоғалтуға алып келетінін, кейін қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін болмайтынын айтты.

– Ғылым және жоғары білім министрлігінің бөлімшесі оған ғылыми және кәсіптік салаға, жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарына оралуға мүмкіндік береді, – деп санайды И. Смирнова.

Саясат Нұрбек ҒЗИ мен салалық жоғары оқу орындарын министрлікке қайтару идеясын құптады. Өкінішке қарай, бұл жұмыс баяу жүріп жатыр.

– Біз холдинг ішінде де, Орталықта да мәселе бар екенін мойындаймыз, – деп атап өтті министр. – Ол өзінің әлеуетін де, жылдар бойы қалыптасқан кадрларын да жоғалтады. Үкіметпен келісімге келгенше, бұл сұраққа нақты жауап бергім келмейді.

С. Нұрбек бұл мәселе министрліктің бақылауында екенін айтты.

– Бізге қазір ең бастысы ғылымды жоғалтып алмау қажет, – деді С.Нұрбек И.Смирнованың сөзіне түсінік бергенде. – Біз оны қалпына келтіре алмаймыз!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy