
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирноваға мемлекеттік награда табыстады. Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ирина Смирноваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.
Ирина Владимировна ұзақ жылдар бойы педагогика саласында еңбек етті. Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланғаннан кейін де ол білім беру саласына қатысты мәселелерді, балаларды тәрбиелеу мен оларды қазіргі қоғамның теріс ықпалынан қорғау тақырыптарын бірнеше мәрте көтерді.
Қазақстан Халық партиясының ұжымы әріптесін және пікірлесін лайықты марапатымен, сондай-ақ республика басшылығы тарапынан берілген жоғары бағамен шын жүректен құттықтайды. Алдағы уақытта да толағай табыс пен жарқын жетістік тілейді!
@halyk_partiyasy