Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі қазіргі геосаяси жағдай мәселесіне арнайы тоқталды.
– Шынында да, бүгінгі таңда халықаралық ахуал жоғары деңгейдегі шиеленіспен сипатталады, – деді Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Саяси қайшылықтар мен әскери күш қолдану арқылы туындап жатқан қақтығыстар жаһандық тұрақсыздық ахуалын қалыптастырып, үлкен алаңдаушылық тудыруда.
Магеррам Магеррамов Мемлекет басшысының Қазақстанның қауіпсіздігі ең алдымен саяси-дипломатиялық құралдар арқылы қамтамасыз етілуі тиіс деген ұстанымын толық қолдайтынын жеткізді.
– Біздің республика ұлттық мүдделерді қорғауға және мемлекетіміздің айналасында бейбітшілікті нығайтуға бағытталған салмақты әрі ұтымды сыртқы саясатты дәстүрлі түрде ұстанып келеді, – деді мәжілісмен. – Сонымен қатар елдің табысты дамуының негізгі факторлары қоғамдағы бірлік пен тұрақтылық болып қала береді. Дәл осы құндылықтар мемлекетке қазіргі заманғы сын-қатерлерге сенімді жауап беруге мүмкіндік береді.
Фракция жетекшісі мұндай ұстаным ҚР жаңа Конституциясы жобасында да айқын көрініс тапқанын атап өтті.
– Оның негізінде мемлекеттілікті нығайту, тәуелсіздікті сақтау, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» идеясын және «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұстану жатыр, – деп түсіндірді ол. – Қазіргі жағдайда стратегиялық ұстамдылық, ұлттық мүдделерді қорғау және ішкі-сыртқы саясаттағы ұтымды шешімдер қабылдау елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудің дұрыс қадамы ғана емес, сонымен қатар аса қажетті таңдау болып табылады.
@halyk_partiyasy