
Қазақстан Халық партиясы ұжымы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – партиямыз үшін де ерекше күн. Себебі Сіз ұйымымыздың нығаюы мен дамуына орасан еңбек сіңіріп келесіз. Сіздің жетекшілігіңіздің арқасында еліміздің басым көпшілігінің мүддесін білдіретін ҚХП бүгінде заманауи, прогрессивті медиа-партияға айналды. Бүгінде партия қатары жаңа серіктестермен толығып, басты құндылығымыз – кәсіби кадрлық резерв жүйелі түрде қалыптасып келеді.
Біз Сізді бастамашыл көшбасшы, талантты тарихшы және белсенді саясаткер ретінде білеміз. Ұстанымға беріктігіңіз, ортақ мақсатқа командамен жұмыла білетіндігіңіз, күрделі сәтте дұрыс шешім қабылдай алатындығыңыз бен бойыңыздағы басқа да адами қасиеттеріңізді қашан да жоғары бағалаймыз. Сіздің еңбекқорлығыңыз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіз – жастарға үлгі. Елдің саяси өміріне қосқан үлесіңіз – баға жетпес еңбек.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыңызға бақ-береке және алдағы барша бастамаңызға сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, жұмысыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспіз!
Партиямызды жаңа саяси жеңістерге бастап, Тәуелсіз Қазақстанда социалистік идеялардың дамуына үлес қоса беріңіз!
Қазақстан Халық партиясы
@halyk_partiyasy