Параспортшыларға сәттілік тіледі

dep.jpg

видеодан кадр

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқығы жөніндегі уәкіл, кәсіби паралимпиадашы, сондай-ақ Қазақстанның голбол және паравелоспорт федерацияларының басшысы Кенжеғұл Сейтжан Миланда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық параспортшыларды қолдау челленджіне қосылды.

Осыған қатысты бейнероликті мәжілісмен әрі омбудсмен өзінің Facebook-тегі жеке парақшасына жариялады.

«…Олар ана жақта – бәріміз үшін. Ал біз мұнда – сіздермен бірге екенімізді айту үшін, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан. – Жай ғана қолдау білдірейік. Жылы лебіз жазайық. Сәттілік тілейік. Сіздер біз үшін мақтанышсыздар. Қазақстан сіздерге жанкүйер! Алға, Қазақстан!»


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy