Қолжетімді форматта

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқығы жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан күрделі Конституциялық реформаны қарапайым тілмен түсіндіреді.

Депутат Ақмола облысын аралап, сайлаушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Аршалы кентінде өткен кездесуге жергілікті тұрғындар, еңбек ұжымдары, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Келесі кездесу Константиновка ауылында ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері мәжіліс залында жиналып, Ата заңымыздың негізгі ережелерін қарапайым әрі түсінікті форматта талқылады.

– Адамдарды толғандыратын мәселелерді күрделендірмей талқыладық, – деді мәжілісмен әрі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy