Өзгеріс дәуірінде

Жаңа Конституция жобасын талқылау шешуші кезеңге жақындады. Қазақстан Халық партиясы бұл мәселе бойынша өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуде. Партияның облыстық филиалдары құжаттағы заңнамалық нормаларды халыққа жан-жақты түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шаралар өткізуде.

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер туралы, олардың мемлекет үшін маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға қосатын үлесі, сондай-ақ маңызды шешім қабылдауда қоғамның рөлін арттыруға бағытталған тұстары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Ашық диалог форматында өткен талқылауда кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұйымдастырушылармен пікір алмасты.

1

2

Филиал басшысының орынбасары Болат Қожахметов спикер ретінде сөз сөйледі.

– Бұл үдерісте азаматтардың конституциялық өзгерістерді талқылауға белсенді қатысуы және олардың саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруы өте маңызды, – деді ол.

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Жоламан Асанұлы жастарға арналған ақпараттық дәріс оқыды. Жастар Конституциялық реформа аясындағы тарихи өзгерістер туралы ақпаратты ерекше қызығушылықпен тыңдады.

3

4

Партияның Қызылорда облыстық филиалы №3 қалалық емханада жаңа Конституцияға арналған тақырыптық жиын өткізді. Шара шеңберінде жобаға енгізілетін негізгі өзгерістер түсіндірілді.

5

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy