Отандық әуе компанияларының қызмет көрсету сапасы жыларман жағдайда

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова отандық әуе тасымалдаушыларының жұмысын сынға алды. Халық қалаулысы жолаушылар тасымалы саласындағы авиациялық қызмет көрсетуге қатысты мәселелер талқыланған Қоғамдық палата отырысында өз ойын ортаға салды.

Мәжілісмен қызмет бабына байланысты әуеқызметіне жиі жүгінетінін тілге тиек етіп, әуе компанияларының басшылығына қарапайым жолаушы болып көруге кеңес берді. Ол жөндеу жұмысы ұзаққа созылған Алматы әуежайы – суық әрі ішінде болу мүмкін емес ғимарат екенін алға тартып, оны «мал қамайтын қорамен» салыстырды.

– Біздің мемлекет өте мейірімді, – деді кекесінмен И.Смирнова. – Көмектеседі, қолдайды, бірақ ешкімнен сұрамайды. Әркім қалай қаласа, солай жұмыс істейді.

Депутат Павлодармен әуе қатынасының жоқ екенін еске салды. Ірі индустриялық облыс орталығында… бұл үшін қажетті инфрақұрылым жоқ.

– Бірдеңе ойластыру керек қой! – деп кеңес берді мәжілісмен. – Африканың өзінде қалай да ұшып жүр ғой!

Сонымен қатар И.Смирнова овербукинг жүйесін, рейстердің ескертусіз кешігуін, ауыстырылуын, ұшақтардың алмастырылуын және басқа да мәселелерді сынға алды.

– Ұшу мүмкін емес! Әр сапар нағыз квест! – деді депутат. – Келесің, рейсті ауыстыра ма, ауыстырмай ма – білмейсің.

«Fly Arystan» әуе компаниясы жолаушыларға көрсеткен дөрекі қарым-қатынасы үшін теріс «мақтауға» ие болды.

– Саған ақша әкелген тұтынушы ретінде емес, мұнда не үшін келдің? деген сыңаймен қарайды, – деп атап өтті И.Смирнова. – «Сен кедейсің! Сен кімсің өзі?!». Міне, осындай көзқарас.

Дегенмен, әуе компанияларының қызметкерлеріне де оңай емес.

Депутаттың айтуынша, оған жасы ұлғайған ұшқыштар жүгінген. Қазір олардың жасына байланысты ешқандай жеңілдік жоқ. Олар 63 жасқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр.

– Бұл мәселені қарау керек қой, – деді И. Смирнова. – Адам 63 жасында ұшақ басқара ала ма?


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy