Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі парламенттік фракциясының депутаттары «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық пікірсайысқа қатысты. Мұнда 7 саяси партиядан 14 спикер сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Пікірсайыста ҚХП атынан фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов пен депутат Асылбек Нұралин сөз сөйледі. Олардың пікірінше, жаңа Конституция әрбір қазақстандықтың әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайды. Магеррам Магеррамов талқыланып отырған жоба тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, мемлекеттің іргетасын қалыптастыратын құжат екенін атап өтті.
– Бұл – ел дамуының бағытын айқындайтын бағыт, – деді мәжілісмен. – Жаңа Конституция – мемлекет адам үшін, оның қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге деген сенімі үшін қызмет ететінін құжат.
Бұған дейін мемлекет өзін әлеуметтік деп жариялаумен ғана шектелсе, енді ол нақты міндеттемелер мен жауапкершілікті мойнына алмақшы. Яғни, әр азаматтың табысқа жетіп, лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беретін орта қалыптастырады.
– Біздің партиямыз күшті әрі әлеуметтік жауапты мемлекет құруға бағытталған жаңа Конституция жобасын толық қолдайды, – деді М. Магеррамов. – Бүгін біз елдің болашағы және мемлекеттің халыққа деген көзқарасы қандай болатыны жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Бұл таңдау адам мүддесін қорғауға бағытталған.
Жобада әр азаматтың еркіндігі басқа адамның еркіндігі басталатын жерде аяқталатыны нақты көрсетілген. Егер саяси қызмет деген желеумен зорлық-зомбылыққа, араздықты қоздыруға немесе құқық бұзушылыққа бағытталған әрекет жасалса, онда соған сай жауапкершілік болады. Еркіндікті шектен шығумен шатастыруға болмайды.
– Азамат өз ұстанымын еркін білдіруге, сайлауға қатысуға, саяси партияларға кіруге, билікті сынауға немесе қолдауға құқылы. Сонымен қатар өзінің азаматтық құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс, – деп түсіндірді М. Магеррамов. – Конституция шектеулерді тек мемлекеттің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, басқа адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау қажет болған жағдайда ғана көздейді. Мұндай жағдайда адамның саяси көзқарасы емес, заңды бұзатын нақты әрекеттері негізге алынады.
Депутат Асылбек Нұралин, кәсіподақ саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, Конституцияның еңбек қатынастары саласына енгізетін өзгерістері туралы айтты.
– Жаңа Конституция еңбектің жоғары әлеуметтік құндылық ретіндегі маңызын күшейтеді, ал адам еңбегінің қорғалуы мемлекеттің негізгі міндеті болып қала береді, – деді мәжілісмен. – Лайықты еңбек ету және әділ демалыс алу құқығы толық кепілдендірілген.
Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Партия депутаттары өз ұстанымдарын партияаралық пікірсайыс барысында тағы бір мәрте растады.
@halyk_partiyasy