Ел азаматтары жаңа Қазақстанды бірлесіп құруға тиіс

1.jpg

Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалы «Ауғанстан соғысының және басқа да жергілікті әскери қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2.jpeg

– ҚХП мүшелері мен Ауған соғысы ардагерлері ел азаматтары жаңа Қазақстанды бірлесіп құруға тиіс деп санайды. Осы үшін олар мүдделері мен мақсаттарын біріктіргелі отыр. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстарын қолдаймыз. Елімізді бірлесіп жақсартайық, – деді жиында ҚХП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Тамерлан Сұлтанғалиев.

ҚХП баспасөз қызметі


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy