Қазақстанның болашағы үшін!

dep.jpg

ҚХП

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚР жаңа Конституциясы жобасы бойынша өткен Жалпыұлттық референдумда дауыс берді. Партияның саясаты күмән қалдырмайды – Халық партиясы реформаларды және елдің жарқын болашағын таңдайды.

«Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында партия өкілдері халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Партия атынан штабтарға 111 спикер кіріп, олар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді. Барлығы 1 139 іс-шара ұйымдастырылып, 63 256 адам қамтылды. Бұл коалиция жұмысы туралы халықты кеңінен хабардар етуге және алдағы референдумға азаматтардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

— Біз – салмақты саяси партиямыз! — деп бұған дейін пікірлестері алдында атап өткен болатын Ермұхамет Ертісбаев. — Қазіргі уақытта халықтың жалған емес, шынайы бірлігі қажет кезде біз жаңа Конституция жобасын және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанымын ішкі және сыртқы саясатта барынша қолдауымыз қажет.

ҚХП сарапшыларының болжамынша, Қазақстанның жаңа Конституциясы көпшілік дауыспен қабылданады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy