Болашақ ұрпақтың қамы үшін!

dep.jpg

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысы аяқталды. Коалицияның елордалық штабы Астанада өткізген қорытынды форумға Қазақстан Халық партиясының өкілдері қатысты.

Қазақстан Халық партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары Анар Дүкенбаева іс-шара – бірлескен жұмыстың қорытындысын шығару ғана емес екенін атап өтті.

– Бұл – біздер мен сіздер бірге, сеніммен әрі мақтанышпен: «Еліміздің болашағына қарай маңызды қадам жасадық!» деп айта алатын сәт, – деп мәлімдеді ол.

Қазақстан Халық партиясы коалиция жұмысына белсенді қатысты. Республика бойынша партия мүшелері 2000-нан астам іс-шара өткізді: кәсіпорындардағы еңбек ұжымдарымен кездесу, пікірталастар, дөңгелек үстелдер және т.б.

– Біздің партия үшін ел тағдырына қатысты өзекті мәселелердің халық алдындағы жауапкершілік, сенім, диалог және өзара ынтымақтастық жағдайында шешілуі аса маңызды, – деп атап өтті Анар Дүкенбаева. – Бұл жолы еліміздегі жетекші бес саяси партия бірігіп, негізгі конституциялық өзгерістерді қолдау үшін күш біріктірді!

ҚХП өкілі Конституциялық реформа бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына үлес қосқан барлық әріптестеріне, қоғам белсенділеріне және сарапшыларға шынайы алғысын білдірді.

– Біз әрбір азаматқа мына ақиқатты жеткізуге тырыстық: Конституция – бұл жай ғана құжат емес, – деп түйіндеді А. Дүкенбаева. – Бұл – балаларымыз, немерелеріміз және шөберелеріміз өмір сүретін Әділетті және прогрессивті Қазақстанның берік іргетасы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy