2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде «Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық реформаның негізгі қағидаты» тақырыбында жаңа Конституция жобасын сараптамалық талқылау өтті. Іс-шара ҚР жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылау аясында ұйымдастырылды және әлеуметтік әділеттіліктің конституциялық құрылымның негізгі қағидаларының бірі ретіндегі рөлін түсінуге арналды.
Заңгер Азамат Рамазан жаңа Ата заңдағы әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді атап өтті. Ол осыған дейін шикізатқа бағытталған Қазақстан экономикасы блімге, интеллектке және адам капиталының дамуына бет бұрып, жаңа модельге өтіп жатқанын, сонымен қатар азаматтардың еңбек ету құқығын қорғауға басымдық беру көзделіп отырғанын атап өтті.
– Жоғары интеллектуалды және кәсіби білікті азаматтар еліміздің басты байлығы деп танылады, – деп нақтылады А.Рамазан. – Жұмыссыздықтан қорғау әлеуметтік маңызға ие болады.
ҚХП белсендісі, жобалау компаниясының жетекшісі Найля Аппасова экологиялық әділеттілік пен болашақ қазақстандық ұрпақ алдындағы жауапкершілікке ерекше мән берді. Ол ҚХП бастамасымен Конституцияға енгізілген жер асты қазба байлығы, су, пайдалы қазбалар, сондай-ақ өсімдік пен жануар әлемі халыққа тиесілі деген норманы жиналғандардың есіне салып, мемлекет осы ресурстарды басқаруды ғанв жүзеге асыратынын айтты.

– Қолайлы экологиялық ортаға тікелей құқықтың болуы өмірмен және денсаулықпен байланысты, – деп атап өтті Н.Аппасова. – Яғни, тұрақты экологияны сақтау әлеуметтік мәселелердің шешілуіне оң ықпал етеді.
Саясаттанушы, «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев жаңа Конституция жобасын цифрлық дәуірдің құжаты деп атап, онда адам құқығын қорғауға басымдық берілгенін баяндады.
– Цифрлық құқықты Конституцияға енгізу Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне өтуін ғана көрсетіп қоймайды, – деді Ә. Тәжібаев. – Цифрлық құқық – біз айтып жүрген нағыз еркіндіктің жалғасы болып табылады.
Іс-шараны қорытындылаған модератор, сарапшы Сұлтанбек Құдабай әлеуметтік әділеттілік адамның және азаматтың өмірлік қызметінің барлық кезеңінде қолданылуы тиіс деген тұжырым жасады
@halyk_partiyasy