Құрамына Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалдарының белсенділері кіретін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалицияның өңірлік өкілдіктері жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру бойынша халықпен ақпараттық жұмыстарын жалғастыруда.
Маңғыстаулық коалиция мүшелері облыстық «BS» спорт кешенінің қызметкерлері мен спортшыларымен, сондай-ақ «ҚазАзот» АҚ ұжымымен кездесу өткізді. Спикерлер жоба құжатының стратегиялық маңызын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп, 1995 жылғы құжатпен салыстырмалы талдау жасады. Сонымен қатар, барша азаматтарды 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.




ҚХП Алматы облыстық филиалының өкілдері Конституциялық реформа бойынша бірқатар түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды. Олар «ЮНИПАК ШЫМКЕНТ» ЖШС ұжымымен, сондай-ақ «Прогресс» колледжінің оқытушылары мен студенттерімен кездесіп, басқа да ұйымдарға барды.


Текелі қаласындағы өңірлік коалиция штабының белсенділері жергілікті спорт кешенінде спорт саласының қызметкерлері мен жаттықтырушылармен кездесу ұйымдастырды. Мұнда да жаңа Конституция жобасы бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


– Жаңа жобаның негізгі қағидаттары елдің дамуына, әлеуметтік әділеттілікке және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Сондай-ақ референдумның маңыздылығын және әрбір азаматтың дауыс беруге белсенді қатысуының қажеттігін ерекше атап өту керек.
Атыраулық коалиция мүшелері Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің еңбек ұжымымен мазмұнды пікірталас өткізді. Кездесу барысында медицина қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды.



@halyk_partiyasy