Лайықты таңдау!

Жаңа Конституцияны қабылдау туралы шешім саналы түрде болуы тиіс. Қазақстан Халық партиясының өкілдері осылай деп есептейді. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының құрамында партия мүшелері өңірлерде ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар өткізіп, сайлаушыларға құжат жобасының нормаларын түсіндіруде.

Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалының қызметкерлері «AROS» ЖШС жұмысшыларымен және «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ ұжымымен кездесті. Іс-шара барысында құжаттың негізгі ережелері, оның стратегиялық бағыттары мен елдің одан әрі дамуы үшін маңызы жан-жақты таныстырылды. Ашық диалог форматында нормалардағы негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ Конституцияның құқықтық мемлекетті нығайтудағы және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

1

2

3

Құрамында ҚХП өкілдері бар Павлодар өңірлік коалиция штабының ақпараттық тобы Успен ауданына барды. Алғашқы пікірталас Қозыкеткен ауылының Мәдениет үйінде өтті. Қатысушылар жаңа Конституцияның идеологиялық өзегін – преамбуланың маңызын талқылап, бірлік, келісім және бейбітшілік құндылықтарының, сондай-ақ Қазақстанның барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуға ұмтылысының маңыздылығын атап өтті. Аудан орталығы – Успенка ауылында кәсіпкерлермен жедел кездесулер ұйымдастырылып, оларға бизнес жүргізуге арналған кепілдіктер түсіндірілді.

4

5

6

7

Қызылорда қаласындағы «Келешек» мектебінде де Конституция жобасы қызу талқыланды. Кеңеске мектеп педагогтері мен қызметкерлері қатысты. ҚХП Қызылорда облыстық филиалының өкілі Талғат Телеубаев оларға цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауға қатысты нормаларды, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты түзетулерді түсіндірді.

8

– Кінәсіздік презумпциясын және әділ сот қағидаттарын нығайту халықтың құқықтық мәдениетін арттырады, – деп атап өтті партия өкілі өз сөзінде.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy