2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыұлттық республикалық референдумға бір айға жуық уақыт қалды. Осы уақыт аралығында Қазақстан Халық партиясының өкілдері жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру бойынша халықпен белсенді ақпараттық жұмыс жүргізеді.
ҚХП Ұлытау облыстық филиалы мұрағат ұжымымен ағартушылық кездесу өткізді.

– Біз үшін бұл тақырып ерекше мәнге ие, – деп атап өтті партия мүшелері. – Конституция тек құқықтық құжат қана емес, ол мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынас пен мемлекеттік құрылымның негізі. Ондағы принциптер біздің елдің және келесі ұрпақтың болашағына әсер етеді.
Кездесу барысында мұрағат қызметкерлері талқыланып отырған мәселе бойынша пікір алмасты. Олар ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам талабына сай болуына, әділдік пен заңдылықты нығайтуға және сенімділікті арттыруға қызығушылық танытты.
– Біз мұндай диалог ел дамуының маңызды бөлігі екеніне сенімдіміз, – деп қорытындылады іс-шараны ұйымдастырушылар. – Ашық талқылау және бірлескен жұмыс арқылы азаматтардың тұрақтылығының, ілгерілеуінің және құқықтарын қорғаудың сенімді негізіне айналатын Конституция қалыптасады.
Конституция тақырыбы ҚХП Шымкент қалалық филиалында да қозғалды. Мұнда Түркістан облысы бойынша бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Оған ҚХП Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Оразханов және ҚХП ҚБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Зухра Қамбарова қатысты.

– Кездесу ашық диалог форматында өтті, партия қызметін одан әрі жетілдіру және қоғаммен байланысты нығайту бойынша нақты ұсыныс айтылды, – деп қорытындылады партиялықтар.

ҚХП Жетісу облыстық филиалының басшысы Олжас Ибраимов Талдықорған қаласындағы әскери-техникалық мектепте болды. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына конституциялық реформаның негізгі ережелерін баяндап, ұсынылған өзгерістер демократиялық процестерді тереңдетуге, Парламенттің рөлін күшейтуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге және әділеттілік қағидатын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

– Билік тармақтарының тепе-теңдігі, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деп нақтылады О. Ибраимов.

Өз кезегінде Әскери-техникалық мектептің жетекшісі Мекебек Жамауов пен оның орынбасары Андрей Ворков ӘТМ тәрбиеленушілеріне үндеу жасап, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаға толық жауапкершілікпен қарауға, оның Қазақстанның болашағы үшін мәнін түсінуге және әрбір азаматтың жеке азаматтық жауапкершілігін сезінуге шақырды.
@halyk_partiyasy