Халық таңдауы

dep.jpg

open-almaty.kz

Бір ай бойы жаңа Конституция жобасы «халықтық сараптамадан» өтуде. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамовтың пікірінше, бұл Қазақстан саясатында бұрын-соңды болмаған жағдай.

Мәжілісменнің айтуынша, жаңа Конституция жобасының преамбуласында бекітілген «Заң және Тәртіп» қағидаты елдегі қоғамдық келісімнің іргетасына негіз болады.

– Бұл қағидат бізді назарымызды тек республиканың формалды материалдық-құқықтық базасына ғана емес, сонымен бірге оны қолдану тәртібі мен ережелеріне де аударуға міндеттейді, – деп атап өтті фракция басшысы. – «Заң және Тәртіп» қағидаты әрбір азаматтың қоғамдық игілік пен тәртіп үшін нақтыланған жауапкершілігін көздейді.

Мәжілісменнің пікірінше, Жаңа Конституция – ел ішіндегі және әлемдік аренадағы қазіргі жағдайды терең түсінудің көрінісі. Сонымен қатар Қазақстанның тағдыры үшін ортақ жауапкершілігімізді сезіну мен ұсынылып отырған өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған халықтың еркі мен табандылығының айғағы.

– Бірнеше күннен кейін өтетін Жалпыұлттық референдумда Конституциялық реформаны өткізу туралы тарихи шешімнің маңыздылығы расталады деп үміттенемін, – деп атап өтті Магеррам Магеррамов. – Жаңа Конституция мемлекеттің даму мақсаты мен басымдығын айқындайды, институционалдық өзгерістерге берік құқықтық негіз қалайды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін конституциялық мүмкіндіктер мен тетіктерді қалыптастырады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy