Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын түсіндіру шарасын бастады. Жақында партияның Қызылорда облыстық филиалында өңірлік партия активінің қатысуымен жиын өтті.
Кездесу барысында филиал басшылығы Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ олардың еліміздің дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға қалай әсерін ететінін түсіндірді.

Сонымен қатар мұнда Конституциялық реформаға, саяси жаңғыру бастамасына және алдағы кезеңге арналған жоспарларға қатысты Қазақстан Халық партиясының ресми ұстанымы жарияланды.

Іс-шарада құқықтанушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары және партия белсенділері сөз сөйлеп, конституциялық реформаның мемлекет үшін маңыздылығын түсіндірді.
– Бұл іс-шара партия құрылымының үйлесімді жұмысын нығайтуға, ортақ мақсатты нақтылауға және жүргізіліп жатқан реформаларды тиімді жүзеге асыруға бағытталған, – деді ұйымдастырушылар.
Осыған ұқсас кездесуді ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев ұйымдастырды.

– 2026 жылғы Конституциялық реформа тек қана заңдық құжат емес, Қазақстанның болашағын қалай көретініміздің нақты көрінісі, – деді ол. – Бұл жоба адамға, оның құқығына басымдық берілетінін және еліміздің дамуға, инновацияға, сондай-ақ әділеттілікке ұмтылатынын көрсетеді.

БҚО филиалының басшысы азаматтардың мемлекетті басқарудағы рөлі нығаятынын атап өтті және бір палаталы Парламент құру мен қоғамдық институттардың құзыретін кеңейту «Еститін мемлекет» құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі екенін еске салды.

– Өз басым адам құқығына, білімге, ғылымға және цифрлық мүмкіндіктерге көңіл бөлу – Әділетті Қазақстанға бастайтын дұрыс жол деп санаймын, – деді Б.Лавреньтьев.

Алдағы уақытта ақпараттық түсіндіру жұмысы жалғасады.
@halyk_partiyasy