кадр из видео
2025 жылдың 24 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған панфиловшы, көрнекті әскери стратег, педагог әрі қаламгер, полковник Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды.
Бүгінде оның есімі мектептер мен көшелерге берілген, ал қаһарманның өмір жолы тарих сабақтарында оқытылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол лейтенанттан полковникке дейін, батальон командирінен гвардиялық дивизия қолбасшысына дейін көтерілді. Стратегия мен тактиканы жетік меңгерген қолбасшы басқарған әскери бөлімдер гитлершіл әскерлерге қарсы жүргізілген қорғаныс шайқастарында да, Мәскеу түбіндегі шешуші қарсы шабуылдарда да ерекше көзге түсті. Сондай-ақ олар Демянск шабуыл операциясына және 2-Прибалтика майданындағы ұрыстарға белсене қатысты.
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Кеңес армиясының В. М. Молотов атындағы Тыл және жабдықтау әскери академиясында (қазіргі әскери генерал А. В. Хрулёв атындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясы) оперативтік өнер бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар әдеби шығармашылыққа да шындап ден қойды. Ол – автобиографиялық, ғылыми және тарихи еңбектердің авторы. Жазған туындыларының негізінде деректі және көркем фильмдер түсіріліп, театр сахналарында қойылымдар қойылды.
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) еліміздің тарихына зор құрметпен қарайды және оны келер ұрпаққа аманаттау жұмыстарына ерекше мән береді. Бауыржан Момышұлының мерейтойы аясында, «Мәдени мұра» жобасы шеңберінде партия мүшелері студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен еліміздің білім беру ұйымдарында арнайы «ерлік сабақтарын» өткізді. Онда жас буынға батырдың ерлігі, өзі басқарған бөлімшенің Мәскеу қорғанысындағы үлесі кеңінен әңгімеленді. Сондай-ақ қазақстандық қаһарманның құрметіне спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Осындай іс-шаралар арқылы ҚХП жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, азаматтық бірегейлікті нығайтуға ықпал етуде.
Сонымен қатар партия мүшелері Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған мерекелік бейнеролик дайындады. Бауыржан Момышулы – полководец, чью тактику изучают во всем мире
@halyk_partiyasy