Қазақстан Халық партиясы еліміздегі Академиялық би театрының негізін қалаушы Болат Әзизұлы Аюхановтың қайтыс болуына байланысты туыс-туғандары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Балет өнерінің аңыз адамына айналған асыл азамат Семей топырағында туып, соңында өшпес із қалдырды. Еліміздегі классикалық би ансамблінің негізін қалыптастырды.
Қазақ кино өнерінің алтын тәжі саналатын «Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық», «Түнектің әміршісі», «Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы», «Қайсар», «Мадам Вонг қазынасы», «Несібелі», «Репетиция», «Шабыт» кинофильмдеріне түсіп, қолтаңбасын қалдырды.
Халық әртісі 1965-2010 жылдар аралығында қазақстандық композиторлардың музыкасына 30-дан астам балет, 150 концерттік нөмір қойған.
Балетмейстердің еселі еңбегі еленіп, Қазақстанның Халық әртісі, І дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерін иеленді.
Қазақ балетінің аңыз-адамы жарқын бейнесімен жадымызда мәңгі сақталады.
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Е.Ертісбаев