Қазақстан Халық партиясының депутаты А.Милютин конституциялық түзетулерді түсіндіру үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен көшпелі кездесу өткізді.
Депутат құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге саяси жүйені трансформациялаудағы Президенттің бастамаларын жеткізіп, Конституцияға енгізілетін рәсімдік, стратегиялық түзетулердің мәнін түсіндірді.
– Оң шешім қабылдайтын кез келді. Жаңа өмірге батыл қадам жасау қажет. Референдум қазақстандықтардың құқығын қорғауға, бостандығына кепілдік беруге негіз болатын заңдардың қабылдануына ықпал етеді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономиканың өсуіне, ғылымның дамуына жағдай жасайды, – деді депутат.
ҚХП баспасөз қызметі