Жаңа Қазақстан – бақытты балалар

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, миллионға жуық қазақстандық бала кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Әрбір алтыншы бала табысы төмен отбасында туады. Қазақстан Халық партиясы балалардың кедейлігін жою бойынша өз әдісін ұсынды.

Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова өзінің депутаттық сауалында еске салғандай, Мемлекет басшысы биылғы жылды балалар жылы деп жариялады. Балалар – халқымыздың ең осал санаттарының бірі.

«Ана мен бала мәселесі орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалып отыр. Әлеуметтік көмек жеткіліксіз. Жәрдемақы түріндегі қолдауың маңызы зор. Ол негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл шара балалық шақты әлеуметтік қорғаудың жалғыз және жеткілікті шарасы емес», – деп атап өтті ҚХП депутаты.

ҚХП фракциясы Үкіметте балалардың кедейшілігі мәселесін бірнеше рет көтерді. Партия Президенттің «Ұлттық қор – балаларға» деген бастамасын қолдап, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% - ын балалардың арнайы жинақтаушы шотына аударуды құптады.

«Өкінішке қарай, әзірше, Үкіметте балалардың әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсартуға қатысты жобаны жүзеге асырудың стратегиялық тәсілі жоқ. Халықтың нақты табысының төмендеуі, бірінші кезектегі тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, спорттық, мәдени, ғылыми-техникалық секциялар мен үйірмелер түріндегі балаларды дамытудың сапалы және қолжетімді инфрақұрылымының болмауы елдің барлық балаларының – көпбалалы, толық емес және толы отбасылардың жан-жақты дамуына кедергі келтіреді», – деді А.Сқакова.

ҚХП Қазақстанға адам капиталын инвестициялаудың жаңа моделі қажет деп санайды. Бұл үшін Ана мен баланы дамытуды ұлттық басымдық деп жариялап, «Ана мен баланы дамытуға инвестициялар» атты ұлттық жоба қабылдау қажет. Бала күтімі мерзімін 3 жылға дейін ұзартып, барлық балаларды қолдау ретінде 18 жасқа дейін әмбебап балалар жәрдемақысын енгізу керек.

«Баланың өмірлік, физиологиялық, білім беру, әлеуметтік, мәдени және басқа қажеттіліктеріне нақты жауап беретін балалар тұтыну себеті әзірленуі тиіс», – деп санайды ҚХП өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy