Жаңа Қазақстанға жаңа Еңбек кодексі қажет

7 наурызда ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков Маңғыстау облысындағы «ӨзенМұнайГаз» ЖШС ұжымымен кездесті.

Партия өкілі серіктестік ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

А.Асылбеков партия елде қалыптасқан жүйенің мәнін түбегейлі өзгертуді талап ететінін, билік пен байлық Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құруды қолдайтынын және билік өкілеттіктерін бөлуде тежеу мен тепе-теңдіктің саяси жүйесін сақтауды жақтайтынын жариялады.

– Біз азаматтардың құқығы мен бостандығы барлығынан жоғары тұратын нағыз халықтық мемлекет құруды қолдаймыз. Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі болу керек, – деді ол.

Спикер Жаңа Қазақстанға жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын толық қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет екенін мәлімдеді.

– Экономикада орта тап құруға және кедейлікті жоюға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді енгізу маңызды. Халық партиясы ел аумағында өз азаматтарымыз өндірген тауарлардан, көрсеткен қызметтерден қосымша құн салығын (ҚҚС) алып тастауды және айналымға 5% мөлшерінде бірыңғай салық енгізуді қолдайды, – деді партия өкілі.

Кездесуде білім, медицина, құрылыс салаларындағы өзекті мәселелер де талқы таразысына салынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy