Семей қаласында Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары А.Милютин «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қызметкерлерімен және Kondiz кондитерлік фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, логистика саласының қызметкерлерін толғандыратын мәселелер талқыланды.
«Халық партиясы – жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтарын қорғайтын жаңа Еңбек Кодексін әзірлеу қажет керек. Біз күшті және тәуелсіз кәсіподақтар үшін жұмыс істейміз», – деді А.Милютин
Кандидаттың айтуынша, Кедейлікке қарсы заң қабылдау, азаматтардың несиелік міндеттемелерін оңалту, жастарға арналған тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, олигархтардың мүлкін тәркілеу, отандық өндірушілер үшін ҚҚС жоюды және айналымнан 5% мөлшерінде бірыңғай салық енгізу секілді өзекті мәселелерді шешу керек. Мұның бәрінің шешімі Халық партиясының «Ел үшін» Жер үшін! Билік – Халыққа!»» атты сайлауалды бағдарламасында айтылған» деді кандидат.
«Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет. Бұл біздің формуламыз» – дейді төраға орынбасары. Оның айтуынша, барлық деңгейдегі мәслихаттар атқарушы биліктен толық тәуелсіз болуы тиіс. Жергілікті әкімдер мәслихаттарға есеп беруі әділетті болып есептеледі.
Сонымен қатар «Біз зейнетақы жүйесіне түрлі «тәжірибе» жасауды доғаратын уақыт келді» деді кандидат. – Қазақстан Халық партиясы әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатысты. Біз бұл жұмысты жүйелі жалғастырамыз және әділдік үшін әйелдердің – 58, ерлердің 60 жаста зейнетке шығуына қол жеткіземіз!
Сондай-ақ көпбалалы аналарға тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу керектігін тілге тиек етті. Бұл қадам қалалардағы қарбалас пен түрлі әлеуметтік мәселелерді шешетінін айтты.
– Біз бұл жетістікке тек бірігіп қана қол жеткізе аламыз. Ол үшін Халық партиясына дауыс беріңіздер. Себебі, Халық партиясының жеңісі – халықтың нақты жеңісі! – деп қорытты А.Милютин.