Жаңа Конституция заңсыздыққа қарсы

dep.jpg

Жалпыұлттық референдумға бір айдан аз уақыт қалды. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы уақытты барынша тиімді пайдалануды көздеп отыр.

Коалиция өкілдерінің бірі, ҚХП парламенттік фракциясының басшысы, Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов елорданың бірқатар мекемелерінде болды.

– Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырып жатырмыз, – деді ол. – Біз №110 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқыладық. Ұсынылған өзгерістердің ел болашағына ықпалы туралы толық ақпарат бердік.

Заңгер ретінде мәжілісмен жоба мәтінінде кінәсіздік презумпциясының бекітілуін ерекше атап көрсетті.

– Бұл жеке тұлғаның мемлекеттің өктемдік көрсету мүмкіндігінен жоғары тұратынын айқын көрсететін белгі, – деп нақтылады М.Магеррамов.

Жаңа Конституция процессуалдық кепілдіктерді күшейтеді, яғни айыптаушы тараптың кінәні дәлелдеуі, ал азамат өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес екенін көрсетеді.

– Шын мәнінде, бұл жерде заңсыздық пен соттың қателігіне қарсы Конституциялық тосқауыл қоб туралы сөз қоғалып отыр, – деп түсіндірді ҚХП фракциясының басшысы. – Мұның бәрі құқықтық мемлекеттің іргетасын нығайтады, сот төрелігінің стандартын арттырады және айыптау тәуекелін төмендетеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy