Жастарға арналған баспаналар салыну қажет!

26 ақпанда Ұлттық теннис орталығында спорттың осы түрінен турнир өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Елорда мәслихатының депутаттығына кандидаттар Азамат Әбдірахманов, Батыр Мадияр, Доктырбек Әділет және Мұхтар Смағұлов спорттың әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңыздылығын атап өтті.

Әр бала «АртСпорт» бағдарламасы бойынша спорт секцияларында тегін оқуы тиіс. Біз Артспорт қозғалысын қолдадық. Осының арқасында жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз! Бұл қадам еліміздің болашағына жасалған батыл баспалдақ деп атап өтті партияластар.

ҚХП балаларымыз үшін спорт және шығармашылық үйірмелеріне берілетін жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұлғайту, сондай-ақ мектепте тегін тамақтануды қолдайды.

Сондай-ақ, спикерлер Халық партиясының жастарға арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын қабылдауға жеке тоқталды. Тұрғын үй келесі талаптарға сәйкес келуі керек: 40-тан 78 шаршы метрге дейінгі аумақты қамтуы тиіс. Тұрғын үй кілтін мемлекет ас үй сөрелерімен, кір жуғыш машинасымен, пешпен қамтамасыз етілгеннен кейін тапсырады. Сонымен қатар үйлерге іргелес аумақ балалар алаңдарымен, автотұрақ орындарымен жабдықталуы тиіс.

ҚХП бағдарламасы бойынша жастарға ұсынылатын тұрғын үй келесі санаттарға бөлінеді: бірінші, 14 жылға дейнгі мерзімге сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй. Екінші, ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен қолжетімді тұрғын үй. Баспананы сатып алу мерзімі – 14 жыл. Үшінші, басқа құрылыс салушылардан жаңа баспана және қайталама нарықтағы тұрғын үй. Мұнда да ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy