Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын қабылдау қажет

Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ирина Смирнова Көкшетаудағы «Евразия Групп Қазақстан» компаниясының ұжымын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

И.Смирнова партия елде қалыптасқан жүйені өзгертуді талап ететінін, ал халық сапалы медицина мен білімге қол жеткізгісі келетінін айтты.

ҚХП сайлауалды бағдарламасында жастарды тұрғын үймен қамту ұсынылған. Ол үш санат бойынша жүзеге асады. Бірінші – кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй. Оны жалдау мерзімі – 14 жыл. Екінші – ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен қолжетімді тұрғын үй.

Баспананы сатып алу мерзімі – 14 жыл. Үшінші – ҚХП бағдарламасына сәйкес келетін басқа құрылыс салушылардан жаңа баспана және қайталама нарықтағы тұрғын үй. Мұнда да ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ тұрғын үй алаңы 40 шаршы метрден 78 шаршы метрге дейін болуы шарт. Тұрғын үй кілті мемлекет ас үй сөрелерімен, кір жуғыш машинасымен, пешпен қамтамасыз етілгеннен кейін тапсырылуы қажет және тұрғын үйлерге іргелес аумақ балалар алаңдарымен, автотұрақ орындарымен жабдықталуы тиіс.

– Біз жастардың сапалы өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек! Жастар – біздің болашағымыз! Қазақстанның кемел келешегі жастардың қолында, – деді И.Смирнова.

Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті дамыту, ауылшаруашылығын реттеу, толық емес отбасылар мен мүгедек баласы бар отбасыларды қолдау қажеттігіне басымдық берілген.

Айта кетейік, дәл осы күні О. Березуцкая Қостанай облысында № 1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымына, А. Милютин Павлодарда «Қазақстан алюминийі» АҚ ұжымына сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Алматыда Н. Шоқанов пен Г. Танашева «Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналарға үгіт-насихат жүргізді. Ақтөбе облысында Т. Төремұратов Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy