10 тамыз - Абай күні

dep.jpg Құрметті Отандастар!

10 тамыз – Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні құтты болсын!

Ұлы ойшылдың кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасы мен өнегелі өсиетінің құндылығы арта берсін! Жалқының емес, жалпының сөзін сөйлеп, халқының жоғын жоқтаған кемеңгер тұлғаның кемел адам болу жолындағы ізденісі ұлтымыздың ұстанымына айналсын.

Абай атамыз айтқан: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» адамдық қасиетімізді күшейтіп, дүниенің кетігіне кірпіш болып қалануға негіз болсын.

Қазақтың бас ақынын ерекше дәріптеу мақсатында мерекелік күнтізбеге енгізілген Абай күні тарих қойнауына ұлт руханиятының көсемін ұлықтаудың жарқын үлгісі болып енсін.

Өзінен кейінгілерге өлмейтін сөз, өшпейтін өнеге қалдырған ұлы Абайдың ғибраты ғасырдан ғасырға жалғаса берсін!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy