ҚХП депутаты Қазақстанда 1 маусымды мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының депутаты Кежеғұл Сейтжан мерекелік күндерді алдын ала жоспарлау және Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрамға айналдыруды ұсынды.

Қазақстандағы мерекелік күндер қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс күні болып есептеледі. Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қажет болған жағдайда жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыру құқығына ие. ҚХП парламенттік фракциясы осы жүйені жетілдіруді ұсынып отыр.

– Қазіргі тәжірибе бойынша демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім 2 апта немесе 1,5 ай бұрын қабылданады, бұл экономикалық субъектілерге зиян келтіреді. Балама ретінде, ҚХП фракциясы Үкімет пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне демалыс күндерін ауыстыру туралы шешімді 2 күнтізбелік жылға алдын ала қабылдауды ұсынады, - деді депутат.

Бұл жаңалық, депутаттың пікірінше, отандық кәсіпорындарға өндіріс жоспарларын оңтайлы құруға және бизнес процестерін үйлестіруге мүмкіндік береді, ал Қазақстан азаматтары демалыстары мен отбасылық шараларын алдын ала жоспарлай алады. Сонымен қатар, ҚХП фракциясы Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке – Балаларды қорғау күнін бекітуді ұсынады.

– Бұл күн жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі. Сәйкесінше, бұл күн ендігі мемлекеттік мәртебеге ие болуға лайық деп есептейміз, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан.

Депутаттың пікірінше, бұл көзқарас Қазақстанның балалар қауіпсіздігі мен игілігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарын айқындайды, отбасылық институттың нығаюына ықпал етеді, балалардың құқығын қорғау, олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамдық назарды арттырады және Қазақстанның әлеуметтік бағытталған мемлекет ретіндегі халықаралық имиджін күшейтеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy