Қаржылық сауат – табысты болашақтың кепілі

«Халық аманаты» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясы азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл шараларға партияның жастар қанаты – JAS ORTA белсенді түрде атсалысуда.

Мәселен, Қарағанды облыстық филиалының жастары «Қаржы қақпанынан қалай сақтанамыз?» атты іс-шара ұйымдастырды. Оған Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің студенттері қатысты.

2

1

Ал Түркістан облыстық филиалы Кентау жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде қаржылық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, оған банк өкілдерін шақырды.

ШҚО-дағы партия жастары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттеріне арналған құқықтық тренинг ұйымдастырды. Шарада ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Тайғаранова спикер болып, қазіргі заманғы қаржылық қауіпсіздіктің маңызын, оның ішінде қаржы пирамидалары мен «дропперлік» секілді алаяқтық түрлеріне ерекше тоқталды. Кездесу барысында студенттер спикерге белсенді түрде сұрақтар қойды.

8

– Біз ұсынып отырған ақпарат азаматтарға алаяқтық схемаларды дер кезінде танып, олардың зардабынан сақтануға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар құқықтық сауатты арттыруға ықпал етіп, жауапкершілігі жоғары әрі хабардар қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам, - деді ұйымдастырушылар.

6

Ал Ақтөбе облыстық филиалының жанындағы жастар қанаты Ырғыз ауылында арнайы семинар-тренинг өткізді. Онда қатысушылар қаржыны тиімді басқарудың негіздерін, жеке бюджет құруды, табыс пен шығынды жоспарлауды, қаражат жинау мен инвестициялау жолдарын үйренді. Тренинг интерактивті форматта өтіп, нақты өмірден алынған мысалдар мен мотивациялық кеңестерге толы болды.

9

– Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында қаржылық мәдениетті қалыптастырып, жеке қаражатын дұрыс басқаруға үйрету. Қаржылық сауат дегеніміз – тек ақшаңды сақтау ғана емес, өз өміріңді басқару мүмкіндігі, - деді семинар спикерлері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy