Құрметті Асылбек Жамашұлы!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының ұжымы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!

Сізді барша жұрт белсенді, ұстанымы нық әрі мақсатшыл азамат ретінде таниды. Жүріп өткен өмір жолыңыз – тау-кен техникасы саласындағы ұзақ жылғы еңбек, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіподақ комитетін басқару, және де қазір сіз жетекшілік етіп отырған Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің «Казпрофметалл» салалық кәсіподағындағы қажырлы қызметіңіз – осының айғағы.

Кез келген аудиториямен ортақ тіл табысып, қоғам үшін маңызды бастамалар төңірегінде жұртты ұйыстыра білуіңіз – зор құрметке лайық.

Осы айтулы күні сізге ел мүддесі мен Қазақстан Халық партиясының идеялары жолындағы адал қызметіңіз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде Мәжіліс депутаты ретінде еліміздің ең өзекті мәселелерін шешуге белсене араласып, сайлаушыларымыздың сенімді өкілі болып отырсыз.

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас күш-қуат, отбасыңызға бақ-береке тілейміз. Барша бастамаңызға сәттілік, армандарыңыз орындалып, жоспарларыңыз жүзеге аса берсін!

Құрметпен, Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy