Адвокаттың құқығын қорғау керек!

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы іс жүргізу ісін жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету мәселелері бойынша жаңа жобаны таныстырды.

Фракциясы жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінінің хатшысы Магеррам Магеррамовтың айтуынша, құжат құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіреді. Азаматтардың заң жүзінде қорғалуына көмектеседі. Жоба әзірлеу кезінде барлық олқылықтар ескерілді.

– Ұсынылып отырған заң бірнеше рет талқылау мен егжей-тегжейлі зерттеудің нәтижесінде әзірленді, - деп атап өтті Магеррамов. - Аталмыш түзетулер азаматтың құқықтық мәртебесі мен материалдық жағдайына қарамастан сот әділдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл норма тегін заң көмегін көрсету аясын кеңейтуді және заңгерлік тәжірибені кепілдікпен қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ адвокаттық қызметтің мүддесін қорғап, мәртебесін кеңейтуге, жұмыс процесі кезіндегі көптеген кедергілерді алып тастауды көздейді. Құқықтық шектеу үшін заң жүзінде жазалау ұсынылды.

Құқықтық көмек сапасын арттыру және неғұрлым бәсекелес орта құру үшін кеңесші қызметкерлерге адвокаттармен бірлесіп әкімшілік іс бойынша қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігі беріледі.

  • Құжат адвокаттардың қорғаушылармен кездесу кезінде электрондық құрылғыларды пайдалану құқығын береді, – деп атап өтті ҚХП фракция жетекшісі

Және де пенитенциарлық мекемелерде, сотқа дейінгі тергеу органдарында, тергеу әрекеттері барысында және т.б. толыққанды заң көмегін көрсетуге септігін тигізеді.

Қазақстан Халық Партия фракциясы бұл заң қабылданған жағдайда, құқықтық жүйені нығайтып, тараптар теңдігі мен бәсекелестікті арттыратынына сенем артады. Кез-келген мәселені біржақты қарамай, сот ісін жүргізуде демократиялық принциптердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық жүйеге деген сенімін арттырады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy