Асхат Зейноллаұлын туған күнімен құттықтаймыз!

dep.jpg Құрметті Асхат Зейноллаұлы!

Бүгінгі мерейлі мерекеңіз – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді қоғам өрелі ой, сүбелі сөздеріңіз арқылы жақсы біледі. Ел ертеңі, ұлт мүддесі жолындағы табанды еңбегіңізді жоғары бағалайды.

Болашаққа деген риясыз жанашырлығыңыз, мол тәжірибеңіз, туған елге деген сүйіспеншілігіңіз жұдырықтай жүрегіңізге бекіп, Қазақстанның дамуына саналы ғұмырыңызды арнап келесіз.

Ақиқатында, еселі еңбегіңіз жас буын, ізбасарларыңызға үлгі.

Қазақстан Халық партиясы мерейлі туған күніңізде Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейді!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy