Қазақстанға экологиялық мәдениет қажет

Мәжіліске Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Кенжеғұл Сейітжан өңірлерге жұмыс сапары аясында «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» КММ басшылығымен кездесті.

Депутат экологиялық мәдениет – қор¬шаған ортаны қорғау мен қал¬пына келтірудегі ең басты құрал екенін атап өтіп, жеке тұлғаның экологиялық мәде¬ниеті мен қоршаған ортаға деген сүйіс¬пеншілігі санасында болмаса, қа¬тал заңмен, мол қаражатпен, озық технологиямен таби¬ғатты қорғау немесе қалпына кел¬тіру мүмкін емес екенін айтты.

Кездесуге қатысушылар Ақтөбе облысында жаз мезгілінде пайда болатын жағымсыз иіс пен жабайы полигондарға шағымданды.

Тұрғындарды Алға ауданындағы жабылып қалған химия зауыты қалдықтарының экологияға тигізіп жатқан залалы да алаңдатады екен. Облыстық экология департаменті дабыл қағып, әкімдікке мәселені жеткізген көрінеді. Ал әкімдік мәселені шешуге қаржы таппай отыр.

– Әкімдікке Экология және табиғи ресурстар министрлігінен де хат жолданды. Арнайы комиссия келіп, өз міндетін атқарып кетті. Әзірше нақты шара қабылданған жоқ, – деді Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Т. Қожанов.

Өз кезегінде К. Сейітжан қазір Экология Кодексімен жұмыс істеп жатқандарын жариялады.

– Алдағы уақытта Кодекстке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ұсынамыз, – деді депутат. Бұдан кейін мәжілісмен «Алаш қоғамы» ҚБ өкілдерімен кездесті. Мұнда мүгедектігі бар адамдардың мәселесі сөз болды.

Кездесуге келген азаматтар елімізде мүгедектігі бар адамдарға басқалармен бірдей және тең мүмкіндік берілмейтінін айтты.

– Өмір – күрес. Мүгедектігі бар адамдардың денсаулығындағы дертпен ғана емес, қоғамдағы теріс ұстаныммен күресетіні өкінішті. Дегенмен бұрынғымен салыстырғанда, елімізде ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген көзқарас өзгерді. Оларға кемшілігі мен қатесі болса да, мемлекет тарапынан түрлі қолдау жасалып жатыр. Біз бұл бағыттағы жұмыстың жалғасқанын қалаймыз. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндігі шектеусіз. Біз осыны ұмытпауымыз керек, – деп түйді ойын К. Сейітжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy