Білім үшін ақы төлеу керек

dep.jpg «Күнделік» платформасы бара- бара ақылы болып бара жатқаны ма? Бұл мәселе екі апта бойы халықтың қызу талқылауына түсіп жатыр. Құрастырушылар тіпті оқушыларға үй тапсырмасын саудалап жүр деген ақпарат тарады. Ақылы түрде олар үй жұмысын көру үшін 480 теңгеге сұрапты. Бұл бір айлық төлем. Тіпті бір жылға 3500 теңгеге жазылу мүмкіндігін қарастырып қойыпты.

Бұл жайт ата-аналардың наразылығын тудырып жатыр. Бастапқыа платформамен жұмыс істеген мамандар барлығын «portal.kundelik.kz» сайтынан тегін алуға болады деп сендірген. Алайда қазір бұл жүйе толассыз жарнамаға толып кетті. Бірінші кезекті ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдайды.

Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл бастапқыда дұрыс ойластырылмаған жүйе екендігін айтты. Сөзінше балалардың санасын түрлі жарнамамен улау қате, одан бөлек оқушыларға үй тапсырмасын саудалар тіптен шектен шығу деп есептейді.

  • «Күнделік» платформасы іске қосылған сәттен бастап ата-аналар сынның астына алған болатын. Бізді сол кезде жүйені ойластырушылар соңында өз мүдделеріне пайланады деген болатын. Ал міне айтқандары дөп келіп отыр.

  • Депутаттың сөзінше аталған мәселеге оқу-ағарту министрлігі бей-жәй қарамауы керек.

  • Егер оқушыларға үй жұмысын көруі үшін ақы сұраса, тез арада басқа платформа ойластыру керек -, деп атап өтті Смирнова. Аталған жүйе оқушылар мен ата-аналары, мұғалімдер үшін ақысыз негізде жүргізілуі тиіс.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy