Қамқорлыққа бастайтын бастама

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚХП депутаты Асылбек Нұралин Павлодар қаласындағы КММ «Отбасылық үлгідегі балалар ауылына» барды. Бұл мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар отбасылық атмосфераға барынша жақын ортада тәрбиеленуде.

Мекеме басшысы Светлана Городничева халық қалаулысына балалардың тұрмыстық жағдайын, асхананы, демалыс және шығармашылық бөлмелерін көрсетті.

1

– Біздің қызметкерлер әрбір баланың өзін үлкен, мейірімге толы отбасының мүшесі ретінде сезінуі үшін барын салады, – деді ол.

Кездесу барысында депутат ұжыммен бірге балалардың жеке қабілеті мен қызығушылықтарын дамытуға арналған тәсілдер мен іс-шараларды талқылады. Алайда тәрбиеленушілермен жүздесуге мүмкіндік болмады.

2

– Қазір балалар «Эдельвейс» лагерінде, Бурабайда демалып жатыр, – деп түсіндірді мекеме қызметкерлері.

3

Светлана Городничева кеңес заманында белсенді жұмыс істеген «басшылық көмекті» қайта жаңғыртуды ұсынды. Яғни, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге ірі өндіріс орындарын басшылық негізде бекітіп, жүйелі қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруды айтты. Бұл бастаманы Асылбек Нұралин қолдап, мұндай әріптестік өңірдегі әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтып, мемлекет қамқорлығына зәру балаларға көмек көрсетудің тиімді жолы болатынын атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy