ҚХП фракциясының өңірлік іссапары: әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылым басты назарда

Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі фракциясы өңірлерге жасаған іссапарлардың қорытындысын жариялады. Он күн ішінде мәжілісмендер облыстарды аралап, жастар ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және кәсіпорын басшыларымен, мәслихат депутаттары, азаматтық белсенділермен кездесулер өткізді. Инфрақұрылым нысандары мен ұзақ жылдан бері бітпей тұрған құрылыстарды, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары мен жөндеуді қажет ететін су жүйелерін аралап көрді. Сапар барысында жиналған мәліметтердің барлығы фракцияның алдағы жұмысына арқау болып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.

ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты және Парламент жанындағы Қоғамдық палата мүшесі Ирина Смирнова Алматы және Жамбыл облыстарындағы, сондай-ақ Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесті. Ол оңтүстік астанадағы медицина және білім беру мекемелерін аралап, Іле ауданындағы Ащыбұлақ және Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылдарына, Жамбыл облысындағы Шу қаласы мен Шу ауданына қарасты Төле би және Алға ауылдарына барды. Елді мекендер мен мекемелерде жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер аз емес.

1

4

12

13

14

15

Халық партиясының тағы бір депутаты, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік жағынан осал топтардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан Түркістан және Қостанай облыстарына сапарлады. Оңтүстікте ол облыс басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларымен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған медициналық және білім беру мекемелерін аралады, азаматтық белсенділермен пікір алмасты. «Сауран» спорт клубының ғимараттарын аралап, Отбасын қолдау орталығы мен «Белсенді ұзақ өмір» орталығының мамандарымен күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Елдің солтүстігінде мәслихаттардың жұмысымен танысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа және Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепке барды. Сондай-ақ «Қайрат» спорт кешені мен қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болды, Арқалық педагогикалық институтына барып, «Алюминстрой» ЖШС ұжымымен кездесті. Сонымен қатар Амангелді Имановтың мемориалдық музейіне барып, халық батырының рухына тағзым етті. Бұл сапарларда азаматтар негізінен әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтерді – олар депутатты тек халық қалаулысы ретінде емес, омбудсмен ретінде де қабылдап, мәселелерін жеткізді.

2

3

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Жуырда ғана депутаттық мандат алған, фракция қатарына жаңадан қосылған Асылбек Нұралин іссапарын Шығыс Қазақстан облысынан бастап, кейін Павлодар облысында жалғастырды. Ол бұл өңірлерде жетім балалар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсететін ұйымдарға барды («Жастар үйі», «Балаларға арналған мамандандырылған үй», «Ғажайыптар елі» оңалту және дамыту орталығы, Павлодар қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы және т.б.). Сондай-ақ облыстардың жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Кәсіподақ жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп, еңбек құқықтарын қорғау тәжірибесі бар азамат ретінде Асылбек Нұралин ірі өндіріс ошақтарына да арнайы барды. Атап айтқанда, ол «Үлбі металлургия зауыты» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ) жұмысымен танысты.

5

6

26

27

28

29

30

31

32

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі, ҚХП-ның жастар қанаты «JAS ORTA»-ның жетекшісі Ислам Сұңқар Жетісу облысына сапармен барды. Заң шығарушы ретінде облыстың, Кербұлақ және Қаратал аудандарының басшылығымен кездессе, аграрлық сала маманы ретінде ауыл шаруашылығына қатысты су және энергетикалық инфрақұрылым нысандарын, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды аралады. Ал жастар саясатының идеологы ретінде колледждердің студенттерімен және еңбек ұжымдарымен, спорттық-даярлау кешендерінің қызметкерлерімен кездесіп, белсенді жастармен жеке тілдесті.

7

8

33

34

35

36

37

38

39

40

Фракция жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов елордалық сайлаушылармен кездесті. Ол сапар барысында ерекше күтімді қажет ететін балалар мен зейнеткерлерді қолдайтын ұйымдардан бастап, Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен IT-стартаптарға арналған технопарк «Astana Hub»-қа да барды.

9

10

41

42

Фракцияның іссапар аясындағы жұмысына талдау жасаған мәжілісмен нақты қорытындыға келіп, айтылған мәселелердің көбі шын мәнінде жергілікті деңгейде екенін, яғни, қалада, ауданда, ауылда шешілуі тиіс әрі шешуге толық мүмкіндік барын атап өтті. Алайда көбіне жауапкершілік жетіспейді.

11

43

44

45

46

47

– Әділетті Қазақстан – сатылатын өнім емес, оны дүкенге әкеліп, сөрелерге қоймайды. Әркім өз үйінің, қаласының, ауылының ісіне белсене араласуы керек. Егер азаматтық белсенділік танытуға құқықтық мүмкіндік болмаса, түсінуге болар еді. Бірақ ондай мүмкіндік бар, сондықтан бүгінгі күні сөз бен уәдеден гөрі нақты іс керек, – деді Магеррамов.

48


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy