Елде өмір сүру сапасын қалай жақсартуға болады?

dep.jpg Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы үкіметтің әлеуметтік саясатын сынға алды.

  • Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға расында бет бұрыс жасағанын қалаймыз», - деді ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. - Біз орасан зор табиғи ресурстарға иелік етіп отырмыз, бірақ қазақстандықтардың қазіргі әлеуметтік мүмкіндіктерін аянышты деп сипаттауға болады.
  • Мәжілісмен сөзін растау үшін нақты статистика келтірді. Қазақстанда табысы төмен ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 200 мыңға жуық отбасы бар. Үкімет Ұлттық қордың ақшасын жұмсайды, бірақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға да, экономиканың нақты секторларын дамытуға да оң әсері болмай тұр.

– Халық табысының өсуі, өмір сүру құнынан бірталай қалып отыр, өйткені баға белгілеуде нақты бақылау жоқ, - деп атап өтті ҚХП депутаты.

Шағын бизнес, шын мәнінде, салық ауыртпалығы қысымынан құрып жатыр. ШОБ қорғау тетіктері дұрыс жүзеге аспайды, ал сатушылар өндірушілердің нақты есебінен байып келеді.

– Халық пен өндіріске несиелік салмақ салған банк жүйесі ерекше ауыртпалық түсіріп отыр, - деп нақтылады Магеррамов.

ҚХП халықпен кездесу қорытындылары бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Бұл жер қойнауын пайдаланудан түскен табысты әділ бөлу, жаңа инвестициялық саясатты енгізу, ауылды дамыту және барлық деңгейінде білім беруді тегін жасау. Сондай-ақ, партиялықтар БАӘ-ге ұқсас елдердегідей неке қорын құруды ұсынды. Онда егер елдегі жастар алғаш рет некеге тұрғанда пайызсыз несие түрінде қаржы алады. Ал, бала дүниеге келгенде бұл мүлде жойылады. Халық қалаулылары мұнай өндіруден түсетін кірістерді инфрақұрылымды, ақпараттық технологияларды және т. б. дамытуға бағыттауды ұсынады.

-Инвестициялық саясаттың өзегі экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау бағыты болуы керек деп есептейміз, - деп түйіндеді сөзін ҚХП-ның депутаты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy