Ерлікті есте сақтау – парыз!

Қазақстан Халық партиясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәдени мұра» жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде сол бір сұрапыл жылдар жөнінде жастарға тағылым беру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалының белсенділері жергілікті Жауынгерлік даңқ мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Мұнда қатысушылар соғыс кезеңінен қалған жәдігерлермен, құжаттармен және сол кездегі сарбаздардың хаттарымен танысты. Экскурсия Жауынгерлік даңқ аллеясында жалғасып, ашық аспан астындағы экспозициялар көрсетілді.

1

2

– Бұл жолы мұражайға бастауыш сынып оқушыларымен бірге бардық. Мұндай сапарлар оқушылардың тарихқа деген құрметін арттырып, патриоттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізеді, - деді партиялықтар.

3

Бұған дейін, биыл наурыз айының басында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерге қоғамдық мониторинг жүргізу барысында партия мүшелері аллеядағы бірқатар мүсіннің бүлінгенін байқаған болатын (мысалы, сарбаздардың мүсіндері қайта бояуды қажет етті). Сол кезде ҚХП белсенділері Павлодар қаласының әкімдігіне ескерткіштерді қалпына келтіру жөнінде өтініш жолдады. Барлық ескертулер ескеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді, экспонаттар ретке келтірілді. Жеңістің 80 жылдығына орай мемориал лайықты көрініске ие болды.

– Бабалар ерлігін еске алу жеткіліксіз, олардың ерлігіне арналған орындарды да күтіп-баптау – біздің міндетіміз! – деп атап өтті партия мүшелері.

4

Бұдан бөлек, ҚХП өкілдері Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық іс-шара өткізді. Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Мухортов тәрбиеленушілер алдында сөз сөйлеп, кейін Әлияның өмірбаянына арналған викторина ұйымдастырылды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, білімдерін көрсетті. Жеңімпаздарға естелік грамоталар табыс етілді. Одан кейін спорттық командалық жарыстар өтті. Барлық қатысушы медаль және дипломен марапатталды, ал екі команданың капитандарына естелік кубоктар берілді. Сонымен қатар, партия мүшелері балалар ауылына теннис ойнауға арналған спорттық құрал-жабдықтар, футбол, волейбол және баскетболға арналған доптар сыйға тартты.

5

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy