ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалы қорытынды Конференция өткізді

Қазақстан Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы (БҚОФ) 2023 жылдың қорытындысына арналған кезектен тыс ХХХІІ Конференциясын өткізді

Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев конференция делегаттарының алдында атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

1

Ең бастысы, біз белсенді қатысқан ең жауапты және күрделі саяси науқандар барысына басты назар аударғымыз келеді, - деп атап өтті ол. - Біздің белсенділер алға қойған міндетті өте жақсы орындады!

Сайлауалды науқаны кезінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарын сайлау барысында филиал белсенділері үгіт-насихат сипатындағы 100-ден астам іс-шара мен акциялар ұйымдастырды. Жергілікті мәслихаттарға ҚХП-нан 3 депутат сайланды. Олар тұрғындармен 35 кездесу өткізіп, жергілікті атқарушы органдарға 33 депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ, депутаттар қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдайды және өңірдің проблемаларын шешуге белсенді қатысады.

Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесі де халықпен тығыз жұмыс істейді. Есептік кезеңде 51 ауызша және жазбаша өтініш келіп түсті. Филиалдың заңгерлері жүгінген азаматтарға кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетті. 50 өтініш оң шешімін тапты.

4

ҚХП БҚОФ өткен жылы барлығы 248 іс-шара өткізілді, оның ішінде 16-ы алқалы жиын. Барлық шара барысында 15763 адам қамтылды. Кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында 14 бастауыш партия ұйымы ашылды.

Біздің партияның ғаламтордағы белсенділігінің артқанын қуана жеткіземін, - деп атап өтті Борис Лаврентьев. - Бүгінгі таңда біздің қатарымызда жүздеген, тіпті, мыңдаған оқырманы бар, әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікір көшбасшыларына айналған партия мүшелері бар.

5

Конференция соңында белсенділерге Алғыс хаттар табыс етілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy