ҚХП сайлауды қорытындылап, болашаққа жоспар құруда

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындысы бойынша кеңес өткізіп, парламенттік фракция мен өңірлік филиалдарға жаңа тапсырмалар берді. Естеріңізге сала кетейік, сайлау қорытындысы бойынша ҚХП-ның екі өкілі аудан әкімі болып сайланды. Енді Елена Степаненко Мамлют ауданын, ал Руслан Катпаев Денисов ауданын басқарады.

Ең алдымен, ҚХП басшысы жаңа сайланған әкімдерді құттықтады.

– Біздің партиядан екі кандидаттың бәсекелестік күрес барысында қол жеткізген жеңісі - бұл бүкіл елдің қоғамдық-саяси өміріндегі үлкен оқиға, - деп атап өтті ол.

1

Ермұхамет Ертісбаев партия мүшелеріне, соның ішінде ҚХП парламенттік фракциясына осы екі ауданды қамқорлыққа алуды ұсынды. Яғни онда көшпелі отырыстар өткізу, облыс басшылығымен және сайлаушылармен кездесу және т.б. Мамлют және Денисов аудандарын дамыту бойынша нақты жұмыс жоспарын жасап, оны орындау қажет.

– Егер бізге бүкіл ел аумағында жақсы өзгеріс жасау қиынға соқса да, - деп атап өтті ҚХП Төрағасы, - біз жекелеген аудандарда өмір сүру деңгейін арттыратын боламыз.

Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаев бұл ұсынысты мақұлдады. Ол болашақта жарқын істер атқаруға құлшынысын жеткізді.

– Бізде жоғары рух, жақсы көңіл-күй бар, - дейді ол. - Біз төрт жыл ішінде нағыз прогресті, даму жолын көрсеткіміз келеді. Халық нақты жұмыс нәтижесін көруі тиіс, ал біз сайлаушылардың бізге және партиямызға деген сенімін ақтауға тиіспіз.

ҚХП төрағасының орынбасары, парламенттік фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов басшылықтың бастамасын қолдады.

– Орталық аппаратпен бірге барлық мәселелерді пысықтап, партия төрағасының тапсырмаларын орындау үшін алгоритм жасаймыз, - деп уәде берді мәжілісмен. - Мен барлық деңгейдегі депутаттардың да, аудан әкімдерінің де жұмысы Халық партиясы өкілдерінің сайлауалды уәделерін орындап жатқанын көрсететініне сенімдімін.

5 қарашада еліміз бойынша 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қалада (Курчатов, Рудный, Приозерск) әкім сайлауы өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy