Халықтың тұрмысын жақсарту – басты мақсат

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын ресми түрде аяқтады. Өзге әріптестері сияқты, ол да аймақтарға шығып, сайлаушылармен кездесті.

Сапар барысында депутат облыс әкімінің аппараты басшысы Ерлан Текешовпен жүздесті. Бұған дейін Нұралин өңірде азаматтарды жеке қабылдаған болатын. Енді сол қабылдауда айтылған шағымдар мен мәселелерді аппарат қызметкерлеріне жеткізді. Ерлан Текешов бұл мәселелерді жеке бақылауына алуға уәде берді.

1

– Халықтың мәселесін шешу бағытындағы бірлескен жұмыс жалғасын табады. Басты мақсатымыз – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту, – деді кездесу қорытындысы бойынша Асылбек Нұралин.

2

Әрине, Өскеменге барған сапарында Еңбек адамдарының өкілі әрі кәсіподақ ұйымдарының көпжылдық басшысы ретінде депутат Нұралин өңірдегі жетекші өндіріс орындарының бірі – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ға да барды. Депутат онда еңбек ұжымымен кездесті.

3

4

5

7

– Біз өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді, еңбек жағдайын, әлеуметтік кепілдіктер мен жұмысшылардың ұсыныстарын талқыладық. Жұмысшылармен ашық диалог орнату – өзекті мәселелерді шешудің және еңбек жағдайын жақсартудың маңызды қадамы, – деді Нұралин.

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy