Қайталанып кетпей ме?

dep.jpg

Қазақстанның статистикаға деген көзқарасын өзгертуге тиісті заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында. Алайда Қазақстан Халық партиясының депутаттары кейбір жаңа нормалар бұрынғысын қайталайды деп есептейді.

Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, цифрландырудың даму дәуірінде ақпарат жинаудың ескі әдістері өзінің өзектілігін жоғалтады. Жаңа құжат деректерді басқару және статистикалық ақпаратты қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау үшін құқықтық жағдайлар жасауы тиіс. Енді деректерді басқару бойынша талаптар Үкіметтің қаулысымен бекітіледі, сонымен қатар әкімшілік деректердің сапасын бақылауды енгізеді. Бұл жерде Ұлттық статистика бюросы уәкілетті орган болады. Бұдан басқа, бұл бюромен келісім бойынша статистикалық есептерді жасау және деректерді талдау үшін ұсынылатын әкімшілік және статистикалық емес деректер бойынша баламалы деректер ұғымы енгізіледі.

Алайда, кейбір нормалар Мәжіліс депутаттарының таңданысын тудырды. Атап айтқанда, ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов заң жобасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексіне деректерді жалпыға қолжетімді және шектеулі топқа ғана қолжетімді етіп саралауды көздейтін нормаларды енгізу ұсынылатынын еске салды.

– Ұсынылып отырған баптың мазмұны "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның қолданыстағы нормаларын қайталайды, - деп нақтылады мәжілісмен. - Осыдан келіп «Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексінің мазмұнын бейінді заңдармен реттелетін ұғымдармен күрделендіру қажеттілігі қаншалықты негізделген?» деген сұрақ туындайды?

Әділет министрлігінің өкілі «Құқықтық актілер туралы» заң талаптарына сілтеме жасады. Бірақ ол бұл мәселені жұмыс тобы аясында пысықтауға уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy