Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы барлық отандастарымызды жарқын да, ізгі мереке – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтайды!

Елімізде жүзден астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Біздің республикамыз бәріміз үшін ортақ үйге, бірлігі бекем қасиетті Шаңыраққа айналған.

Қазақстан Тәуелсіз ел атанған алғашқы күндерден бастап-ақ ұлтаралық және дінаралық бірлікті сақтауды өзінің басым саясатына айналдырды. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні - бұл бірлік пен достықтың, түрлі ұлттық мәдениеттерді құрметтеудің жарқын көрінісі! Бұл - игілікті өмірдің, жарасты қолдау мен өзара көмектің символы!

Жаңа Қазақстан өзінің ең үздік іргелі дәстүрлерін көздің қарашығындай сақтайды. Өткенді ұмытпай, бүгінгі күнді бағалау және жарқын болашақ үшін аянбай еңбек ету, міне, еліміз дамуының ең өзекті қағидаттары осылар. Кез келген жетістік пен жеңістерге жетудің құпиясы да да ынтымақ пен бірліктің арқасы екені ешқашан естен шықпақ емес.

Барша қазақстандықтарға бейбіт аспан мен береке-бірлік тілейміз. Тұрақтылық пен өмірге деген құштарлық, ертеңгі күнге деген нық сенім ғұмырыңызға серік болсын. Баршаға жаңа бастамалар мен жетістіктер тілейміз. Бірлігіміз бекем болғанда ғана ұрпақтарымызға мұра болатын қуатты, заманауи жетілген және жан-жақты дамыған мемлекет құра аламыз!

Мерекеңізбен!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy