Көлік министрлігі жолдарды қашан жөндейді?

dep.jpg Мәжілісте Қазақстан халық партиясының фракциясы жолдарға қатысты жобалардың жүзеге асырылу нәтижелері туралы мәселе көтерді. Үкіметтің берген уәдесіне сенетін болсақ, инфрақұрылымды жөндеу және қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын.

Мәжілістің жалпы отырысында «Жыры бітпейтін» жол мәселесін ҚХП депутаты Ислам Сұңқар айтты. Ол биыл жылдың соңына дейін Қарағанды-Алматы, Күрті-Қапшағай, Талдықорған-Өскемен, Үшарал-Достық және т.б бірқатар жобаларды аяқтау жоспарланған деп еске салды.

  • Міне қазан айы болды, - деп атап өтті мәжілісмен. – Жылдың аяқталуына екі айдан астам уақыт қалды. Бұл жобалар аяқтала ма, егер жоқ десеңіздер, оған не себеп бар?

  • ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жобалардың барлығы дерлік белгіленген межеде аяқталады деп сендірді. Осылайша, ұзындығы 180 шақырым болатын Үшарал-Достық тас жолы қараша айында пайдалануға берілмек. Астана-Алматы бағытындағы (946 шақырым) күре жол құрылысы келесі жылдың басына дейін жалғасады.

  • Күрті-Бурылбайтал учаскесі қауіпті әрі қиын жол, бірақ оны келесі жылы аяқтау үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді министр. – Талдықорған – Өскемен, 768 шақырым – биыл жоба толығымен қамтамасыз етілсе, келесі жылы аяқталады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy