Күнкөріс деңгейінен төмен бағаға жетім баланы қалай тәрбиелеуге болады?

dep.jpg Оқу-ағарту министрлігі балалардан ақша үнемдеуге көшті. Мұндай ой мәжілісте «Балалар құқығын қорғау және білім беру мәселелері» бойынша заңнаманы таныстырған соң айтылды. Қаржы бөлу мәселесіне тоқталған Қазақстан Халық партиясы депутаттары саладағы бірқатар шикілікті анықтады.

Қазір елде 22 мыңнан астам ата-ана қамқорынсыз қалған бала бар. 3509 –ы балалар үйінде тәрбиеленсе, қалғандарының асыраушы отбасы бар. Осы орайда «Кәсіби патронатты отбасы» институтын құру ұсынылды. Бұл туралы аталған заңды таныстырған Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан хабарлады.

-Заң жобасы балалар үйіне бармай-ақ, жетім баланы асыраушы отбасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, -дейді оспан. - Одан бөлек аталған норма әр отбасыға 4 балаға дейін бала асырау құқығын береді. Және олардың жасына қатысты бірнеше шектеу бар. Жетім баланы тәрбиеге алушының жасы 30 бен 53-тен аспауы керек.

«Кәсіби патронажды отбасы» статусын алған азаматтарға бірнеше ереже бекітілді. Олар психологиялық дайындықтан өтіп, қамқорлық органында тіркелуі керек. Материалдық көмекке келсек , асыраушыларға ай сайын 70 АЕК (241500 теңге) мөлшерінде қызмет ақысы төленеді. Бұдан басқа, әрбір баланы күтіп – бағуға 10 АЕК (34500 теңге) қаражат бағытталған. Мәжіліс депутаттары тарапынан осы нормаға қатысты бірнеше сұрақ туындады.

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, қазір елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 52 мың теңге. Ал бала күтіміне 40 мың теңгеге, жетпейтін қаржы бөлінген. Бұл қазіргі қымбатшылық кезінде неге жетеді? -Мұндай жәрдемақыға баланы киіндіріп, дұрыс тамақтандыра да алмаймыз. Балаға берілетін тәрбие жайлы айтпасақ та түсінікті. Әр баланың өз қажеттіліктері бар емес пе? –деп нөкіп өтті мәжіліс депутаты Смирнова.

Заң жобасын әзірлеушілер ұсынылған жәрдемақы мөлшері қорғаншылыққа, патронаттық отбасына берілген балаларды күтіп-бағуға арналған жәрдемақыға ұқсас дегенді алға тартты. Яғни, бұл отбасы құрылымының барлық формаларына бірдей болады.

Жұмыс тобында талқылау барысында балама ретінде бюджет шығыстарының ұлғаюына қатысты болғандықтан, үкіметтің қорытындысы талап етілсе де, оның көлемін көтеру ұсынылды.

Сонымен қатар, жұмыс тобында заң жобасын талқылауда бюджет шығындарын көтеру мәселесі балама ретінде қаралды. Бірақ ол Үкіметтің қорытындысын талап етеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy